Ата аналарға

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС

1. Балабақшаның — білім ошағы екенін есте ұстаңыз

2.Тәрбиешінің қоғамдағы рөлін бағалаңыз, қолдау көрсетіңіз

3.Бала-тәрбиесі — тек тәрбиешінің ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпаңыз

4. Балабақша туралы, балабақшада болған жағдай туралы анық-қанығаны көз жеткізбей тұрып, бөгде орындарға таратпаңыз

5.Бала тәрбиесі — сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын қалыптастыру үшін педагог мамандардың көмегіне суйеніңіз

6.Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз, оған балабақшаға қажетті құрал-жабдықтарды уақытылы әкеліңіз

7.Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына жауапкершілікпен қараңыз

8.Балабақшаға уақытында келіңіз

9.Өз  мүмкіндігіңізге қарай балабақшадағы  іс-шараларға қатысыңыз

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР

1 . Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.

2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.

3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.

4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.

5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.

6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.

7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдыландырыңыз.

8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс-әрекетіңізді балаңыз қайталайды.

10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.

11. Жақсы іс-әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.

12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.