«Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды, Дене жанның қабы»

«Мектепке дейінгі мекемеде спортпен шұғылдану

 және ойын іс-шараларына стандарттан тыс

жабдықтарды пайдалану»

 Жас ұрпақты жан жақты дамыған ой өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор.  Қазақтың кемеңгер ақыны М. Жұмабаев «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды, Дене жанның қабы» деген.  Сондықтан баланың ағзасын жетілдіру - денсаулығын жақсарту. Бала денсаулығының мықты болып,  дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады.

№52«Еркетай» балабақшасында 23 ақпан 2018 жылы класстер бойынша «Мектепке дейінгі мекемеде спортпен шұғылдану және ойын іс-шараларына стандарттан тыс жабдықтарды пайдалану» тақырыбында семинар-коучинг өтті.

Мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтау бойынша педагогтардың  кәсіби құзыреттіліктерін тәжірибе алмасу арқылы көтеру. Коучинг барысында спорттық  ойын-сауық  «Көңілді  старт!» тақырыбында  балалар мен ата- аналардың  бірлескен қызметі көрсетілді. Ата-аналардың балабақша өміріне белсене араласуы. Ойын – сауықты қорытындылай келе ата-аналар алғыс хатпен марапатталды. Топ тәрбиешілері ойын іс-шараларына стандарттан тыс жабдықтарды пайдалану бойынша  мастер-класс жүргізіді.  Тәрбиеші   А.Бегимбетова  Д.Әкімхан  А. Теңлесбаева стандарттан тыс жабдықтарды пайдалана отырып «Денсаулық сақтау еліндегі – стандарттан тыс өмір сүру» тақырыбында мастер - класс көрсетті.

Мектепалды даярлау тобының тәрбиешісі  Л.Т.Мырзахметова  «Көңілді ойындар!»  атты педагогтармен практикалық жұмыс жүргізді. Коучингке қатысушы педагогтар үш топқа бөлініп, стандарттан тыс материалдардан түрлі құрал – жабдықтар  жасап, оны қалай қолдану керектігін айтып, көрсетті.

1 топ «Марғау»  және «Шапшаңдық» ойыны.

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

2 топ «Дәлдеу» және «Баскетбол» ойыны.

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

3 топ «Бәйге» және «Кім жылдам?» ойыны. 

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Педагогтар бүгінгі коучингтен алған әсерлерімен бөлісті.